23.07.2018, 13:17 718 УЕФА Аймақтар Кубогында елорданың «Достары» екі ойын өткізді

УЕФА-ның Аймақтар Кубогының іріктеу кезеңіне қатысып жатқан елордалық «Достар» командасы екі ойын өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

«С» тобының алғашқы ойынында қазақстандық ұжым эстониялық «Пайде» командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Екінші кездесуде литвалық «Невежис» клубына 1:3 есебімен жол берді.

Бүгін «Достар» іріктеу кезеңіндегі соңғы ойынын «Ирони Тибериас» (Израиль) командасымен өткізеді.

УЕФА Аймақтар кубогының ережесі бойынша келесі кезеңге топ жеңімпаздары мен екінші орын алған екі үздік команда өтеді. Іріктеу кезеңінің командалары үш топқа бөлінген.

Достар – Пайде (Эстония) - 1:0 (0:0)

Гол: Мыңғатов 81

Достар: Черных, Гончаров, Мұсабаев, И. Ахметов (Мыңғатов 62), Лисицын (Насыров 82), Хамхетов (к), Амангелдинов (Мұхамедин 68), Цуров, Әубәкіров, Мокров, Лапин

Резерв: Цыгановкин, Аханов, Әбішев

Бас бапкер: Әділ Шанабаев.

17.07.2018. Бирштонас. «Муниципальный» стадионы

 

Достар – Невежис (Литва) - 1:3 (1:1)

Голдар: Лапин 24 – Ракашюс 18, Гегжна 66 (пен), 85

Достар: Черных, Гончаров, Мұсабаев (Аханов 74), Мыңғатов (Мұхамедин 69), Лисицын (И. Ахметов 69), Хамхетов (к), Амангелдинов, Цуров, Әубәкіров, Мокров, Лапин.

Резерв: Цыгановкин, Насыров, Абишев

Бас бапкер: Әділ Шанабаев.

20.07.2018. Мариямполе. «Судува» стадионы

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал