15.06.2018, 12:45 763 УЕФА өкілі қазақстандық төрешілердің семинарына қатысты

12-13 маусым күндері Қазақстан футбол федерациясы Астанада қазақстандық төрешілерге арналған семинар ұйымдастырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Семинарға футболдан Қазақстан Чемпионаты, Кубогы және Біріншілігінде қызмет атқаратын 27 төреші шақырылды. Шараға ФИФА және УЕФА нұсқаушысы әрі инспекторы, УЕФА төрешілер конвенциясының мүшесі, Солтүстік Ирландия елінің маманы Алан Снодди қатысты. 63 жастағы маман Төрешілер комитетінің жаңа құрамымен танысып, төрешілердің дене даярлығы бойынша сынақ тапсыру сәтіне қатысты. Семинар соңында Алан Снодди 2018-2019 жылдарға арналған Ойын ережесінің негізгі өзгерістер жобасын таныстырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал