26.07.2018, 8:37 11027 UFC алаңындағы тұңғыш қазақ батырының жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Жеңіл салмақтағы (70,3 кг) M-1 Global жарысының жеңімпазы Дамир Ысмағұловтың (16-2) UFC алаңындағы тұңғыш жекпе-жегі қайда және қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА Инстаграм-дағы mma_f1ghters_kz парақшасына сілтеме жасап.

Этникалық қазақ, алайда бүгін Ресейде тұрып жатқан жекпе-жек шеберінің әлемдегі ең мықты жарыстардың бірінде өнер көрсететінін өзінің сұхбатында ММА жаршысына M-1 Global лигасының президенті Вадим Финкельштейн растады.

Дамир өзінің UFC алаңындағы тұңғыш кездесуін 15 қыркүйекте Мәскеуде өткізеді.

Ысмағұлов Ресейдің этникалық қазағы. М-1 жарыстарында ол жеңіл салмақта чемпион болды. 15 маусымда Дамир Артем Дамковскийге қарсы тұра білді.

Дамир Ысмағұлов Қазақстанға жиі келеді, ол мұнда жаттығып тұрады. Жекпе-жек шеберінің сұхбаттарының бірінде хабарлағанындай, ол қазақ жерінде жергілікті халықтың айтарлықтай қолдауын сезінеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал