02.08.2018, 15:01 905 UFC чемпионы Головкин-Альварес жекпе-жегіне болжам жасады


UFC-ден әйелдер арасында жартылай жеңіл салмақтағы чемпион Кристиана Жустину қыркүйекте өтетін Головкин мен Альварес жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

«Мен боксты өте жақсы көремін. Менің ойымша, GGG жеңіске жетеді. Оны нағыз батыр деп білемін. Бізді алда керемет кездесу күтіп тұр», - деп сөзін қорытындылады Кристиана K.O. Artist Sports порталына берген сұхбатында.

Еске сала кетейік, файтерші Головкин америкалық Мартиросянмен күш сынасқан күні (5-ші мамыр) Карсонға арнайы келіп, қолдау білдірген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал