16.07.2018, 9:37 629 Уил Эско Головкинге қиындық төніп тұрғанын айтты

Badlefthook.com сайтының журналисі Уил Эско Сауль Альварес пен Флойд Мэйвезерді салыстырып көріп, Геннадий Головкинмен өтетін қарымта кездесуді қалай сәтті алып шығатынын түсіндірді.

«Әдетте Головкин қарсыласын рингтің шетіне қарай итеріп, жұдырықтасудың түр түрін көрсетіп жатады. Алайда «Канелодан» бірнеше мәрте соққы алып, абдырап қалған сәттері де болған. Мұны проблема ретінде қарастыруға болады, себебі «Канело» - рингті жағалап жүріп-ақ шебер қорғанатын боксшы», - дейді журналист.

Еске салайық, «Канело» - GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал