12.07.2018, 19:36 684 Уимблдон-2018: жартылай финалға шыққан теннисшілер анықталды

Лондон қаласында әлемдегі ең үздік теннисшілердің бәсекесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Уимблдон-2018 додасының ширек финалында испаниялық Рафаэль Надаль мен аргентиналық Хуан-Мартин дель Потро кездескен болатын. Тартысты өткен матч 5 сағатқа созылды. Ал жеңімпаз деп Рафаэль Надаль танылды. Қорытынды есеп – 7:5, 6:7, 4:6, 6:4, 6:4. Міне, осылайша испаниялық теннисші жартылай финалда сербиялық Новак Джоковичпен жолығатын болды.

 Айта кетейік, дәл осы Рафаэль Надаль іріктеу сындарында вазақстандық Михаил Кукушкиннан басым түсіп, жарыстан шығарып тастаған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал