06.09.2018, 21:55 1655 Ұлттар Лигасында Қазақстан құрамасы Грузияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар Лигасының алғашқы матчында Грузия құрамасына жол берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Бірінші таймда есеп ашылмай, үзіліске қос қарсылас тең есеппен тарқасты. Екінші таймда қонақтардың шабуылшысы Гиорги Чакветадзе алыстан бағыттаған керемет соққысымен есеп ашты. Бес минуттан кейін Грузия құрамасы есепті еселеді. Қазақстан қорғаушысы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды.

10 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Андоррамен кездеседі.

Қазақстан – Грузия 0:2 (0:0)

Голы: Чакветадзе 69 (0:1), Малый автогол 74 (0:2)

Ескерту: Қуат 45+1 – Наваловски 6

Қазақстан: Эрич, Шомко (к), Малый, Постников, Бейсебеков, Муртазаев (Сейдахмет 88), Мужиков, Куат (Тұрысбек 77), Исламхан (Зайнутдинов 86), Жуков, Щеткин

Грузия: Лория, Наваловски, Кашия, Квирквелия, Какабадзе, Канкава (к), Меребашвили, Квеквескири, Чакветадзе (Окриашвили 77), Казаишвили (Хочолава 84), Квилитая (Гвилия 65)

6 тамыз. Астана, «Астана Арена».  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал