19.07.2018, 11:13 1109 Ұлттық құрама Сеулде жаттығу жиындарын өткізіп жатыр

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гимнастар Азия ойындарының алдындағы жаттығуды әлем үздіктерінің бірімен өткізуде. Оқу-жаттығу жиындары Оңтүстік Корея құрамасымен бірлесіп өтіп жатыр.

Сеулдегі жаттығу жиындарына аттанған спортшылар қатарында биыл бірнеше снаряд бойынша ел чемпионы атанған Ілияс Азизов, әлем кубогінің жеңімпазы Нариман Курбанов, әлем кубогінің жүлдегері Милад Каримилер бар.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал