30.05.2018, 13:10 811 Ұлттық құраманың жаңа бапкері таныстырылды

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің есімі бүгін белгілі болды. Футбол маманын бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин таныстырды. Шараға Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Майя Егімбаева да қатысты.

Командаға енді Рәзия Нүркенова жетекшілік ететін болады. Жаңадан тағайындалған маманмен 3 жылдық келісімшарт жасалды. Ал, Нүркенова өзінің тікелей қызметіне ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап кірісетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін құраманың тізгінін қазақстандық маман Айтпай Жамантаев ұстаған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал