19.08.2018, 9:21 901 «Ұлы Дала рухы» фестивалі: Астанада асықтың мергендері анықталды

Астанада «Ұлы Дала рухы» фестивалі аясында асық ату турнирі бойынша солтүстік аймақтық іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ұлттық фестиваль аясындағы асық ату турнирінің солтүстік аймақтық іріктеу ойындарына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан 4 команда қатысты.
Жарыста өңірлерден келген асық атудың мергендері бақтарын сынады. Нәтижесінде Астана қаласы асықшыларының асығы алшысынан түсіп, бірінші орынды алды. Ал екінші орынды Ақмола алса, үшінші орынды Қостанай командасы еншіледі.
Асық атудан солтүстік аймақтық іріктеуден 1-орын алған Астана командасы аталған фестивальдің ақтық жарыстарына жолдама алды.
Айта кетейік, «Ұлы Дала рухы» фестивалі 4 шілде күні басталып, 16 қыркүйек күні аяқталатын жастар арасындағы бәсеке. Оған республика бойынша 7073 спортшы қатысуда.
Ұлттық спорттың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі. Үш айдан астам уақытқа созылатын бұл фестиваль II кезеңге бөлінген. I кезең аймақтық іріктеу жарыстары. Алғашқы кезең бәсекесі төрт аймақта өтеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал