06.05.2018, 10:47 332 Ұр, тоқпақ! Головкин Мартиросянды екінші раундта-ақ құлатты

Қазақстандық Геннадий қарсыласы Ванес Мартиросянды жеңіп, өз титулдарын қорғап қалды.
Головкин бірінші раундтан бастап шабуылдап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Алайда, Мартиросян да бірнеше соққыларын дарыта алды. Бірінші раунд қазақстандықтың басымдығымен аяқталды. Екінші раундтың басында Мартиросян тізерлеп отырып қалды, алайда дереу тұрып, жекпе-жекті жалғастырды. Головкин тактикасын өзгертіп, қарсыласын соққының астына алып, бұрыштан шығармады. Өз кезегінде Мартиросян да соққылар сериясын жасауға тырысып қалды. Дегенмен де, Генаның ауыр соққылары Ванеске ауыр тиіп, нокауттан кейін қайта тұра алмады.
Осымен, Мартиросян үшін спорттық мансабында бұл жеңіліс төртінші болды. Жалпы ол 41 жекпе-жек өткізіп, оның 36-сында жеңіске жеткен еді.
Бұл жекпе-жек Карсондағы (АҚШ, Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкиннің жекпе-жегі алдында Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев «Qazsport» телеарнасында айқасқа қатысты өз ойларымен бөліскен еді. Сонымен қатар ол Генаның британдық боксшы Билли Джо Сондерспен жекпе-жекке шыққаны тиімдірек екендігін атап өтті.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал