15.06.2018, 19:57 702 Уругвай матчтың соңында Епитеттің қорғанысын сындырды

Әлем чемпионатының екінші матчында Уругвай мен Египет командалары өзара күш сынасты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Египет командасының көшбасшысы Мохамед Салах жарақатына байланысты аталған ойынға қатыса алмады. Африкалықтар ойынның соңына дейін шыдап баққан еді, алайда, Уругвайдың қорғаушысы Хосе Мария Хименес 90-шы минутта ойын тағдырын шешті. Есеп – 1:0.  

Еске сала кетейік, «А» тобының алғашқы ойынында Ресей құрамасы 5:0 есебімен Сауд Арабиясын тізе бүктірген еді.

Енді ресейліктер мен уругвайлықтар өздерінің квартетінде үш ұпаймен көш бастап келеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал