28.08.2018, 10:30 1714 US Open-де тұңғыш рет әлемнің бірінші ракеткасы алғашқы айналымнан аса алмады

Әлемнің бірінші ракеткасы Симона Халеп US Open-нің алғашқы айналымында эстониялық Кайя Канепиден 2:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА championat.com сайтына сілтеме жасап.

Румын спортшысы Ашық эра тарихында (1968 жылдан бері) US Open турнирінің алғашқы айналымында-ақ жарыс жолынан шығып қалған әйелдер арасындағы бірінші рейтинг көсбасшысы болып отыр.

Еске салайық, Симона өткен жылы да US Open-нің алғашқы кезеңінде ресейлік Мария Шараповадан үш партияда да жеңіліп, турнирден шығып қалған еді. Ол кезде спортшы әлемнің екінші ракеткасы еді. Симона Халеп бұл жеңілгеніне қарамастан, турнир аяқталғаннан кейін де әлемдік рейтингтің көшбасшысы болып қала береді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал