18.04.2018, 13:15 961 Үсенов Қазақстан біріншілігінде абсолютті чемпион атанды

Батысқазақстандық Еділ Үсенов самбодан ардагерлер арасындағы Қазақстан біріншілігінде абсолютті чемпион атанды.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Қостанай қаласында академик Шайсұлтан Шаяхметовті еске алуға арналған самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен чемпионатқа еліміздің өңірлері мен Астана, Алматы қаласынан 200-ге жуық палуан қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай күш сынасты.
Бұл біріншілікте алғаш рет 35-60 жас аралығында абсолютті чемпионға белдік тігілді. Осы сайысқа 15 спортшы қатысып, соның ішінен батысқазақстандық Еділ Үсенов жеңіс тұғырына көтерілді.
Жалпыкомандалық есепте де БҚО құрамасы 10 алтын, 6 күміс, 7 қола медальмен бірінші орынды жеңіп алды.
Самбодан ардагерлер арасында БҚО құрамасының аға бапкері, облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі директорының орынбасары Қазболат Құрмашевтің айтуынша, батысқазақстандық палуандар енді қазан айында Марокконың Касабланка қаласында өтетін әлем чемпионатына дайындалады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал