13.07.2018, 10:33 798 Үстел теннисі бойынша дәстүрлі фестиваль өтеді

2018 жылдың 14-15 шілде күндері «Алау» мұзайдыны сарайында Астана күніне орай Үстел теннисі бойынша дәстүрлі фестиваль өтеді. Жарысқа Қазақстаннан, Ресейден және Өзбекістаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшы мен әуесқойлар қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

14 шілдеде командалық және жұптық біріншілікте жүлдегерлер анықталады, ал 15 шілде күні жеңіс үшін келесі номинациядағы спортшылар күреске түседі: кәсіпқой, әуесқой, ардагерлер, жасөспірімдер және кадеттер, дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар.

Ойын алаңдары Халықаралық үстел теннисі федерациясының жабдықтар/жабдықтандыру Комитеті мақұлдаған үстел теннисіне арналған Donic Waldner Classic 25 және Double Happiness үстелдерімен жабдықталатын болады.

Қазіргі кезде төрешілер алқасына қаланың спорттық және еңбек ұжымдарынан өтінімдер түсіп жатыр, дене мүмкіндіктері шектеулі спортшылар үшін бөлек номинация құрылды.

Турнир 2014 жылдан бастап өткізіліп жатыр және осы уақыт  ішінде Қазақстанда және одан тыс тұратын мыңдаған қатысушылардың жүрегін жаулап үлгерді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал