31.10.2018, 11:27 8231 Үстел теннисінен «Астана» командасы құрлық чемпионатын сәтті бастады

Ресейдің Орынбор және Чебоксары қалаларында үстел теннисінен құрлықтық чемпионат басталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Турнирге жалпы есебі 16 команда қатысуда. Қазақстан намысын «Астана» клубы қорғауда. Команда қатарында Зәурет Ақашева, Айя Әлімбаева, Анастасия Лавровова және Гүлчехра Хусейнова бар. 

Кеше біздің команда Орынборда үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. 

«Астана» - «УГМК-Резерв» (Жоғарғы Пышма қаласы) 3:1;

«Астана» - КНТ «Түмен» (Түмен қаласы) 2:3;

«Астана» - «УОР» (Қазан қаласы) 3:1.

Бүгін біздің команда «Факел» (Орынбор), ММК-Олимпия» (Магнитогорск), «Терехино» (Новокузнецк) клубтарына қарсы ойнайды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал