24.10.2018, 8:17 974 Үстел теннисінен ел чемпиондары анықталды

4-10 қазан аралығында Алматыда үстел теннисінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өткізілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан бөлек 10 облыстан спортшылар қатысты. 

Қыздар арасындағы командалық сында Қарағанды облысы алда болса, ерлер арасында Батыс Қазақстан облысы топ жарды.

Жекелей сында қарағандылық Зәуреш Ақашева чемпион атанды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Батыс Қазақстан облысының өкілі Дастан Кенжеғұловқа тең келер ешкім болған жоқ.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал