17.07.2018, 21:16 662 Үздік қазақстандық боксшылардың рейтингі шықты

Boxrec.com сайты қазақстандық он үздік боксшының рейтингін жасады.

Рейтингте WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) көш бастап тұр. Оның ұпайы - 848.

Одан кейінгі орында ұпай саны Головкиннен әлдеқайда аз - Қанат Ислам (25-0, 20 КО) тұр, 125 ұпай. Ислам бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері.

Үздік қазақстандық боксшылардың үштігін бірінші орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) тұйықтап тұр. Оған 83 ұпай берілген.

ТОП-10-ға енген қазақстандық боксшылардың рейтингі:

1. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - 848 ұпай

2. Қанат Ислам (25-0, 20 КО) - 125

3. Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) - 83

4. Бейбіт Шүменов (18-2, 12 КО) - 63

5. Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) - 60

6. Бекман Сойлыбаев (12-0, 4 КО) - 57

7. Али Ахмедов (11-0, 8 КО) - 50

8. Бақтияр Эюбов (14-0, 12 КО) - 46

9. Руслан Мадиев (12-0, 5 КО) - 45

10. Мейірім Нұрсұлтанов (7-0, 6 КО) - 45

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал