07.06.2018, 10:40 1287 Василий Жиров Елеусіновтің екінші кездесуінде нокауттың неге орын алмағандығын түсіндірді

Атланты-1996 Олимпиадасының чемпионы және IBF нұсқасының экс-чемпионы Василий Жиров «SPORTINFORM» САА тілшісіне неге Елеусіновтің қарсыласын нокаутқа түсіре алмағандығын түсіндірді.

«Қарсыласыңды нокаутқа түсіргің келіп, оны өзіңе басты мақсат етсең ештеңе де өнбейді. Шаршы алаңда мұның барлығы байқалады. Қарсыласың сенің қалауыңды бар жән тәнімен сезеді де қорғанысты одан ары бекітеді. Нокаутты алдын ала жоспарлап, қарсыласты састыру шарт. Жекпе-жек барысында оңтайлы сәт туды-ау дегенде ғана шешуші соққыны жұмсау керек. Оның үстіне, орта салмақта нокауттар сирек орын алады. Даниярға сәттілік тілегім келеді және барлық боксшыларымыз алдына қойған мақсаттарына жетсін!» -, деді Жиров.

Еске сала кетейік, Лондондағы «York Hall» орталығында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов пен мажар боксшысы Золтан Шабо ұшырасты. Кәсіпқой бокстағы өзінің екінші кездесуін өткізіп жатқан жерлесіміз кезекті жеңіске қол жеткізді. Елеусінов барлық 6 раунд бойы қарсыласын тоқпақтап, ұпай саны бойынша алға шықты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал