23.04.2018, 16:03 724 Велошеруге байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылады

30 сәуір күні Атырауда қайырымдылық велошеруінің өтуіне байланысты орталық көшелерде автокөлік қозғалысына шектеу қойылады.
Келесі дүйсенбі Атырауда «CharityBike Ride Atyrau - 2018» алғашқы қайырымдылық велошеруі өтеді. Жүгіру қашықтығы 9 шақырымды құрайды. Қатысушылар облыстық академиялық драма театрынан шеруді бастап, Сұлтан Бейбарыс алаңына дейінгі мәре сызығын жүріп өтеді. Осыған орай, Атырауда 30 сәуірде 10:00-ден 13:00-ге дейін төмендегі автокөлік жолдары жабылады:
Айта кетейік, велошеруге кез келген ниет білдіруші қатыса алады. Тіркелу уақыты - 8.00, басталуы - 11.00-де. Велошеруге мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал