17.07.2018, 17:17 900 Виктория Зябкина Швейцариядағы додада бақ сынайды

Еліміздегі ең үздік спринтерлердің бірі алматылық Виктория Зякбина 18 шілде күні Швейцариядағы халықаралық «Гала деи Кастелли» (Gala dei Castelli) жарысына қатысады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Бұл дода Швейцарияның Беллинцоне қаласында өтеді. Жалпы, жарыс бағдарламасына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілген. Жерлесіміз Виктория Зябкина 100 метрге жүгіруден өнер көрсетеді. Спортшының барлық шығынын «Altay Atletics» клубы көтереді.

Зябкина осының алдында мамыр және маусым айларында бірнеше халықаралық жарыстарға қатысқан. Латвия, Грекия, Швейцариядағы халықаралық турнирлерде 100 және 200 метрге жүгіруден бақ сынаған болатын.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал