15.03.2018, 18:53 948 Вишневская Әлем кубогында 31-ші келді

Норвегияның Холменколлен қаласында биатлоннан Әлем кубогының сегінші кезеңінде әйелдер арасындағы спринт сайысы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш жарысты словакиялық Анастасия Кузьмина жеңіп алды. Екінші орынды беларусьтік Дарья Домрачева иеленсе, украиналық Юлия Джима үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Галина Вишневская көрсетті – 31-ші орын. Дарья Климина, Алина Райкова мен Елизавета Бельченко ТОП-50-ден тыс қалды.

Биатлоннан әлем кубогының VIII кезеңі, Холменколлен, Норвегия

Әйелдер, спринт, 7.5 шақырым

1. Анастасия Кузьмина (Словакия) – 21:31.8

2. Дарья Домрачева (Беларусь) - +8.9

3. Юлия Джима (Украина) - +29.2

… 31. Галина Вишневская (Қазақстан) - +1:40.5

61. Дарья Климина (Қазақстан) - +2:33.4

69. Алина Райкова (Қазақстан) - +2:47.2

90. Елизавета Бельченко (Қазақстан) - +4:04.7

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал