24.03.2018, 20:20 927 Вишневская Тюменьдегі ізге түсу сайысында 17-ші орын алды

Ресейдің Тюмень қаласында биатлоннан Әлем кубогының соңғы кезеңінде әйелдер арасындағы пасьют жарысы аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ізге түсу сайысында финляндиялық Кайса Мякяряйнен жеңіске жетті. Екінші орын франциялық Анаис Бесконға бұйырса, үздік үштікті германиялық Лаура Дальмайер қорытындылады.

Қазақстандықтар арасында үздік нәтижені Галина Вишневская көрсетті – 17-ші орын. Дарья Климина сайысты 39-шы, ал Алина Райкова 50-ші орында аяқтады.

Биатлоннан Әлем кубогының IX кезеңі, Тюмень, Ресей

 

Әйелдер, ізге түсу, 10 шақырым

1. Кайса Мякяряйнен (Финляндия) – 30:52.7

2. Анаис Бескон (Франция) - +0.2

3. Лаура Дальмайер (Германия) - +17.5

… 17. Галина Вишневская (Қазақстан) - +2:00.7

 

39. Дарья Климина (Қазақстан) - +3:50.7

 

69. Алина Райкова (Қазақстан) - +5:25.5

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал