27.08.2018, 18:28 8499 Волейболдан әйелдер командасы Вьетнамнан ұтылды

Волейболдан Қазақстан әйелдер командасы өз тобындағы кезекті матчта жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Қытай қыздарынан 0:3 есебімен жеңілген волейболшылар бүгін Вьетнамға есе жіберді. Есеп - 2:3. 

Алғашқы екі партияда жеңіске жеткен қазақстандықтар есептегі басымдықты ұстап тұра алған жоқ. Қарсыластар есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті тартып алды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал