03.05.2018, 10:27 1287 Волейболдан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті

Волейболдан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық лигада ел чемпионатын «Атырау» командасы жеңді. Күміс жүлдені «Павлодар» командасы иеленсе, қола медальді «ТНК Қазхром» ұжымы қанағат тұтты.

Әйелдер чемпионатында «Алтай» клубы топ жарды. Екінші орында талдықорғандық «Жетісу». Үздік үштікті «Ертіс-Қазхром» командасы түйіндеді.

Жоғарғы лигада «Динамо-Қазығұрт» чемпион атанды. Күміс медальді «Ақтөбе» иеленсе, «Қайсар» қола жүлдені місе тұтты.

Әйелдер арасындағы жарыста шымкенттік «Қазығұрт» чемпион атағына ие болды. Екінші орынды «Тараз» иеленсе, елордалық «Оқушылар сарайы» командасы үздік үштікті қорытындылады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал