20.08.2018, 18:37 543 Волейболдан Қазақстан ерлер командасы екінші матчта жеңіліс тапты

Джакарта мен Палембангта өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында волейболшылар бәсекесі жалғасуда. Волейболдан Қазақстан ерлер командасы Мьянмаға жол берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Төрт сетке созылған сайыста қазақстандық волейболшылар 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Қазақстандықтан алғашқы сетті 25:17 есебімен ұтып, ойынды сенімді бастаған болатын.

Алайда, қалған үш сетте қарсыластар оқ бойы озық тұрды. Осылайша, өз тобындағы екінші матчта біздің команда жеңіліске ұшырады.

Алғашқы матчты Қытайлық Тайпейге қарсы өткізген ерлер командасы 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Волейболшы жігіттердің кезекті ойыны 21 тамыз күні Оңтүстік Кореяға қарсы өтеді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал