02.11.2018, 11:36 911 Волейболдан Қазақстан кубогының иегері анықталды

Өскемендегі "Жекпе-жек" сарайында волейболдан әйелдер арасындағы Қазақстан кубогі додасы мәреге жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Финалдық кездесуде өскемендік "Алтай" мен Алматы облысының намысын қорғаған "Жетісу" клубы кім мықтыны анықтаған болатын. 

Аса тартысты өткен кездесуде 3:1 (25-19; 25-17; 23-25; 25-22) есебімен "Алтай" клубы жеңіске жетті. 

Кубоктік доданың қола жүлдесі "Ертіс-Қазхром" командасы иеленді. 

"Финалдық кездесу аса тартысты өтті. Қарсыластарымыз осал емес. Бірақ тәжірибе мен бір-бірімізге деген сенімнің арқасында біз жеңіске жеттік. Маусымды жеңіспен аяқтағанымызға қуаныштымын", - дейді "Алтай" ойыншысы Сана Анарқұлова.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал