21.02.2018, 16:01 967 Волотка мен Полторанин жүлдеден қағылды

Оңтүстік Кореядағы Олимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышылар Денис Волотка мен Алексей Полторанин командалық спринт сайысының финалдық кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

8,4 километр қашықтықта біздің спортшылар 8-ші болып келді. Жарыста алдына жан салмаған Норвегия елінің шаңғышылары Мартин Сундбю мен Йоханнес Клебо біздің дуэттен 26,13 секундқа бұрын жетті. Екінші болып бірден жолдама алған француздар екенін айта кетейік. Ал, АҚШ, Италия және Канада бұл бәсекенің шешуші кезеңіне Lucky Loser принципі бойынша өтті.

Бұған дейін шаңғышы қыздарымыз жүлдеден қағылған еді. Анна Шевченко мен Валерия Тюленева 10-шы орынды місе тұтты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал