17.06.2018, 12:01 722 Воскобоева WTA турнирінің жартылай финалынан шет қалды

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Ноттингемдегі WTA турнирінің ширек финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Воскобоева ресейлік әріптесі Натела Дзаламидземен бірге Абигейл Спирс (АҚШ)/Алисия Росольска (Польша) жұбынан жеңілді. Есеп - 2:6, 4:6.

Матч бар болғаны бір сағат, жеті минутқа созылды.

Еске сала кетейік, Воскобоева әріптесімен бірге алғашқы раундта Савчук (Украина)/Родионова (Австралия) жұбынан басым түскен еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал