11.04.2018, 12:32 714 WBC басшысы Головкинге лайық қарсыластың есімін атады

WBC президенті Маурисио Сулейман 5 мамыр күні Головкинге болуы мүмкін қарсылас ретінде ирландиялық Нэри О' Саливанның таңдауын мақұлдады.
«Гэри - WBC рейтингіндегі жақсы боксшы. Ол жекпе-жекке қабылдануы үшін «Таза бокс» бағдарламасы бойынша құжаттарды толтыруы керек. О' Салливан 4 мамыр күні өтетін кездесуге дайындық үстінде жүрген боксшы және бұл жекпе-жекке лайық қарсылас. Оған рұқсат берілуі керек»,-деді Маурисио Сулейман.
Кеңес президенті 21 жастағы мексикалық боксшы Хайме Мунгияның GGG деңгейіне әзірге жетпейтінін айтқан. «Мунгия - мықты қарсылас, дегенмен оған әлі ертерек. Одан басқа бірнеше мықты боксшылар бар»,-деді WBC басшысы.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал