28.09.2018, 18:00 1063 WBC чемпионы Батыр Жүкембаев мексикалықпен айқасатын болды

6 қазанда (Астана уақытымен 7 қазан күні таңертең) жеңіліп көрмеген бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) Квебекте (Канада) рингке шығады.

Кәсіби рингтегі кезекті айқасында ол мексикалық Патрисио Мореномен (20-2, 14 КО) бақ таластырады. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 27 мамырда өткізген еді. Ол кезде Аргентина өкілі Хонатан Хосе Эниспен (21-10-1, 8 КО) жұдырықтасқан болатын. Біздің отандасымыз жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, WBC Continental Americas чемпиондық белбеуін иеленді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал