05.04.2018, 9:50 818 WBC Головкинге 5 мамыр күні өз титулын ерікті түрде қорғауға рұқсат берді

WBC президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, ұйым орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинге 5 мамыр күні өз титулын ерікті түрде қорғауға рұқсат берді.

Бұл күні GGG мексикалық боксшы Сауль Альвареспен кездеседі деп жоспарланған болатын, алайда жекпе-жек «Канело» тарапының бастамасымен тоқтатылды.

«Бұл бокс үшін өте жағымсыз жаңалық, спортсүйер қауым қарымта кездесуді күткен еді. Дегенмен, Альварестің қанынан допинг табылу себептерін  анықтап алу керек. NSAC протоколға сәйкес әрекет етуде. Реттеуші орган ретінде біздің ұстанымымыз айқын, осыған сәйкес біз чемпионға өз титулын ерікті түрде қорғауға рұқсат бердік», - дейді Маурисио Сулейман Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал