08.06.2018, 18:39 914 WBC «Канелоны» өз рейтингінде бірінші орынға қойды

Фото - RingSide24

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (49-1-2, 34 КО) WBC (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) рейтингіне қайта оралды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Жаңғырған рейтингте Альварес бірінші орында тұр. Оның артынан америкалық Даниел Джейкобс (34-2, 29 КО) пен Деметриус Андраде (25-0, 6 КО) қатар тізіп тұр. Сондай-ақ, үздік бестікке ирландық Джейсон Куиглли (14-0, 11 КО) мен польшалық Камил Шеремета (17-0, 3 КО) да кірді. 

Ал, WBC нұсқасы бойынша титулдың чемпионы - қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО).  Жерлесімізге WBC-ден тыс, WBA (Super) және IBO белдіктері тиесілі. Айта кетейік, 6-шы маусым күні IBF Головкинді титулынан айырған еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал