21.06.2018, 11:45 983 WBC президенті Головкин мен Альварестің жас айырмашылығы туралы сөз қылды

 

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында ымырасыз жекпе-жек болатынын айтты.

«Рематч алғашқы жекпе-жекке қарағанда зор әлеуетке ие. Боксшылар бір-біріне әбден жауыққан, олардың екеуі де рингте үздік екенін дәлелдегісі келеді. Екеуі де кездесуге жақсы дайындықпен келеді деп үміттенемін», - дейді М.Сулейман Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

WBC басшысы боксшылардың жас айырмашылығына да тоқталды. Альварес 18 шілдеде 28-ге келсе, Головкин сәуір айында 36 жасқа толған еді.

«Боксшылар қашан қайраты қайта бастайтынын білмейді. Бірақ Геннадий жекпе-жектерінің барлығына әбден дайындалып, үнемі нағыз бабында келеді», - дейді М. Сулейман.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал