10.03.2018, 21:36 927 WBC рейтингінде қазақстандық боксшылар өз орындарын сақтап қалды

WBC Бүкіләлемдік бокс кеңесінің наурыз айындағы рейтингі жарияланды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшылардың да аты-жөндері бар. Ауыр салмақта өнер көрсететін Иса Ақбербаев 35 орынды сақтап қалды.
Жартылай ауыр салмақтағы Әли Ахметов 28-ден 27-ге көтерілді. Жартылай жеңіл салмақтағы дивизионда Бекман Сойлыбаев бір сатыға көтеріліп, 20-орынға табан тіреді. Ержан Залилов жартылай жеңіл ТОП-40 санатында 39 орында тұр. Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дивизионының 11 орынында тұр.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал