09.08.2018, 12:10 568 WBO титулы үшін жекпе-жектің өтетін орны мен уақыты анықталды

WBO титулы үшін шайқастың өтетін орны мен уақыты белгілі болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Айтылған атақ үшін британиялық Билли Джо Сондерс (26-0, 12 KO) пен америкалық Деметриус Эндрейд (25-0, 16 KO) таласатын болады.

Эндрейдтің промоутерінің айтуынша, жекпе-жек 20-шы қазан күні Бостонда (Массачусетс штаты, АҚШ) өтеді.

Еске сала кетейік, WBO чемпионының белбеуі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жоспарында бар мақсат. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал