06.08.2018, 17:15 1178 WTA рейтингі: Юлия Путинцева ТОП-50 қатарына кірді

WTA 6 тамыз күні теннисшілердің жаңа рейтингін жариялады. Қазақстандық Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, әлемнің үздік 50 теннисшінің қатарына кірді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Еске сала кетейік, Путинцева өткен аптада Вашингтондағы турнирдің ширек финалына дейін барып, ресейлік Светлана Кузнецоваға есе жіберген болатын. Зарина Дияс 63-сатыда тұр. Ал екі орын жоғары көтерілген Елена Рыбакина 189-орынға тұрақтады. Тізімнің үздік ондығы өзгеріссіз қалды.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал