20.10.2017, 13:48 6308 Йорди Кройф: «Тель-Авивте» көріскенше!

«Маккаби ТельАвив» командасның бас бапкері Жорди Кройфф «Астанаға» қарсы ойыннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Сөз жоқ Астананы бүгінгі керемет жеңісімен құттықтаймын! Ойын тағдырын бір пенальти шешіп кеткені біз үшін, әрине, өкінішті. Менің ойымша, бұл Маккабидің 5-6 жыл ішіндегі ең сүреңсіз ойыны дер едім. Бірақ, біз моймаймыз. Өйткені, бұл біздің шынайы деңгейімізді өлшейтін ойын  деп айтуға аузым бармайды. Енді өз алаңымыздағы ойынға тыңғылықты дайындалатын боламыз. 

-Төртінші голдан кейін неге ойнауды ұмыттыңыздар?

-Қақпамызға екі гол жіберіп алған соң, ойынды құтқаруға тырысып бақтық. Алайда, нәтиже біз күткендей болмады. Керісінше, тағы екі гол жіберіп алдық. Мұндай нәтижеден кейін ойынды неғұрлым тезірек аяқтасақ дедік.

- Бүгінгі ірі жеңілістен кейін қызметіңізден кету ойыңызға келген жоқ па?

-Бұл ой мүлде жоспарымда жоқ. Себебі, мен әлі бастаған жұмысымды аяқтаған жоқпын. Жағдайды түзетуге қашан да мүмкіндік бар. Мен ертеңіме сенемін.

-Кеше команда капитаны Шеран Йейни Кабананга мен Твумасиден көп қауіп күтетінін айтқан еді. Бұл ойыншылардан қалай көз жазып қалдыңыздар?

- Иә, әсіресе Патрик Твумасді ерекше атап өткім келеді. Расында да, ойын тағдырын шешкен осы екі ойыншы болды. Амал қанша, олар біз ойлағаннан да асып түсті. Сондықтан ойыншыларым аталған екеуінен жылдамдық жағынан қалып қойып отырды. Бірақ, қарымта кездесуде әр қимылы  бақылауда болады деп сенемін.   

-Жорди, командаңызға қандай өзгерістер керек деп ойлайсыз?

- 4-0 есебінен кейін бірдеме деу қиын. Қазір команданың рухын көтеруге тырысу керек. Бапкерлер қосыны психолгиялық тұрғыдан жұмыс жасайтын боламыз. Өзгерістерді қарымта кездесуде көре жатарсыздар.   

 

Шамкен Байырбек

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал