07.09.2018, 10:57 1903 Зарина Дияс Чикагодағы турнирдің ширек финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Чикагода өтіп жатқан (АҚШ) «Челленджер» турниріндегі ойынын аяқтады.

WTA рейтингінің 60-шы орнында тұрған Дияс жарыстың 1/8 финалында күтпеген жерден германиялық Моне Бартельден (2:6, 6:3, 3:6) жеңіліп қалды.

Енді неміс теннисшісі жартылай финалда Украина өкілі, әлемнің 98-ші ракеткасы Даяна Ястремскаямен кездеседі.

Еске салайық, турнирдің алғашқы кезеңінде Зарина Дияс украиналық Катерина Козлованы (87) 3:6, 6:2, 6:1 есебімен жеңген еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал