12.06.2018, 18:00 179 Зарина Дияс Ноттингемдегі турнирде жарақаттанды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Ноттингемде өтіп жатқан WTA турнирін жарақатына байланысты 1/16 финалдан соң аяқтауына тура келді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Австралия өкілі Саманта Стосурмен кездесуде бірінші сеттің төртіші геймінде қазақстандық спортшы сол аяғының тізесінен жарақаттанып, матчты аяқтай алмады.
Стосур сол кезде 2:1 есебімен алда келе жатқан болатын, оның үстіне екі қос брейк-пойнты да бар еді. Жарақат салдарынан Дияс корттан өзі шығып кете алмады.
Стосур осыдан жеті жыл бұрын US Open-2011 жеңімпазы атанған болатын.
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал