22.04.2018, 20:11 652 Зарина Дияс Штутгарт турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-інші ракеткасы Зарина Дияс Штутгарт турнирінде іріктеу сайысының финалына шықты.

Іріктеу жарысында 2-інші ракетка болып тіркелген Зарина алдымен дүниежүзілік рейтингте 167-інші сатыда тұрған чехиялық Мария Боузкованы 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Бүгін З.Дияс кортқа әлемнің 662-інші ракеткасы, германиялық Анна Габрикпен шығып, 1 сағат 2 минутқа созылған матчта қарсыласын 6:3, 6:1 есебімен ұтты
Қазақстандық теннисші енді іріктеу сайысының финалында украиналық жас спортшы Даяна Ястремская немесе эстониялық тәжірибелі теннисші, іріктеу сайысында 5-інші болып тіркелген Кайя Канепидің қай жеңгенімен кездеседі. Онда жолы болса, негізгі турнирге жолдама алады.
Айта кетейік, жүлде қоры 816 мың АҚШ долларына бағаланған Штутгарт турнирі 29 сәуірде мәреге жетеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал