23.04.2018, 20:42 729 Зарина Дияс Штутгартта негізгі турнирге жолдама алды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Зарина Дияс Штутгарт турнирінде іріктеу сайысының финалында эстониялық Кайя Канепиді ұтты.

Аса тартысты өткен матч барысында бірінші партияда Зарина 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екіншісінде дүнрежүзілік рейтингте 61-інші сатыда тұрған Канепи дәл сол есеппен есе қайырды.
Шешуші, үшінші партияда Зарина бірден брейк жасап, алға шықты. Бұдан кейін өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Сөйтіп бұл партияны да 6:4 есебімен өз пайдасына жазды. Осылайша 2 сағат 19 минутта созылған кездесуде қарсыласын тізе бүктірген З.Дияс негізгі турнирге жолдама алды. З.Диястың Штутгарт турниріндегі келесі қарсыласы кейін белгілі болады.
Жүлде қоры 816 мың АҚШ доллары тұратын Штутгарт жарысы 29 сәуірде аяқталады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал