12.08.2018, 10:20 1407 Зарина Дияс Цинциннати турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жүлде қоры 2 874 299 долларды құрайтын Premier санатындағы турнирде біліктіліктің бірінші айналымын еңсерді. Бұл турнир Цинциннатиде 12-19 тамыз аралығында өтеді.

Беташар матчта Дияс екі сетте ресейлік Евгения Родинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Родина мүмкін болған 16 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асырды және 7 қателік жіберді. Диястың есебінде 8 эйс, доп беру кезінде кеткен 6 қателік және 8 брейк бар. Теннисшілер ресми матчтарда бірінші рет кездесіп отыр.

Зарина Диястың келесі қарсыласы - эстониялық Кайя Канепи.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал