03.07.2018, 13:31 735 Зарина Дияс «Уимблдон» турнирінен бас тартты

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Үлкен шлем турниріне қатысудан бас тартты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Әлемнің 54-ші ракеткасы жарақатына байланысты алып турнирге қатыса алмайтын болды. Ақтық дедлайнға дейін Зарина турнирлік кестеде болған еді. Өкінішке қарай, Дияс Лондондағы додаға дейін айығып үлгермеді.  

Енді «Уимблдон» турнирінде қазақстандық теннисшінің орнын америкалық Кортни Долехайд басады.

Еске сала кетейік, Зарина Дияс маусым айында Ноттингемдегі турнирде аяқасты жарақаттанып, корттан дәрігерлердің көмегімен шыққан еді.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал