30.03.2018, 9:16 793 Зарина Дияс WTA рейтингінде 50 үздіктің қатарына қайта қосылады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс келесі аптада әлемдегі үздік теннисшілердің ТОП-50 тізіміне қайта оралады.

Майамидегі турнирде Дияс турнирдің 1/8 финалына дейін жетіп, Каролина Плишковаға қарсы матчты соңына дейін жеткізе алмаған болатын. Жерлесіміз жарақатына байланысты ойынды екінші сеттен кейін тоқтатқан еді. Төртінші айналымға шығуына байланысты қазақстандық тенисші қыз  WTA рейтингінде 56-шы орыннан 48-ге көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина Дияс 2 сәуір күні Чарлстонда өтетін турнирге қатысады.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал