09.04.2018, 11:24 762 Зарина Дияс WTA рейтингінде көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өкілдері рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды.

Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Румыния спортшысы Симона Халеп көш бастап тұр, одан кейін даниялық Каролин Возняцки мен испан спортшысы Гарбинье Мугуруса келеді.
Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева жеке разрядтың рейтингіндегі орындарын өзгерткен. Дияс бір орын жоғары көтеріліп, 47-ші орынға жайғасты, ал Путинцева үш позиция төмен түсіп, 82-ші орынды иеленді. Жұптық разрядта Ярослава Шведова 133-позицияда қалған.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал