16.07.2018, 8:26 807 Зарина Дияс жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жас теннисшілерге шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Зарина Дияс Астанада алғаш рет шеберлік сабағын өткізді. Еліміздің айтулы кәсіби теннисшісі 10 жасқа дейінгі жеткіншектермен кортқа шығып, өз білгенін үйретті. Ұлттық теннис орталығындағы шеберлік сынында әрбір жас теннисші Заринамен ойнауға мүмкіндік алды.

Теннис - әлемдегі ең мәртебелі, элиталық қымбат спорттың бірі. Қазір ракетка ұстаған қыз-жігіттерге еліктейтін жастар көп. Шыдамдылық пен шеберлікті қажет ететін спорт түріне балалар ерте жастан келеді. 9 жастағы жеткіншектердің алды Республикалық жарыстарға қатысып үлгерсе, енді бірі шеберлігін шыңдап жүр.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші енді Америкаға аттанады. Зарина 30 шілде күні Вашингтонда басталатын теннис турниріне қатысуды жоспарлап отыр.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал