10.07.2018, 17:56 593 Зерендіде халықаралық турнир мәресіне жетті

Зеренді ауылында Тимур Сегзібаев атындағы турнирді алғаш қолға алған Николай Сергеевич және Татьяна Григорьевна Куленюкті еске алуға арналған 11-ші халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарысқа 2007, 2008, 2009 жылғы жасөспірімдер қатысты. 2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы турнирге 14 команда сынға түсті. Олар екі топқа бөлініп, өзара мықтыларды анықтады. Финалда «А» тобының жеңімпазы қарағандылық «Шахтер» мен «В» тобында үздік шыққан «Астана» командалары кездесті. Ойында соғылған жалғыз голдың арқасында елордалық футболшылар жеңімпаз атанды. 

2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасында өткен турнирдің финалында көкшетаулық «Энергетик» пен елордалық «Астана» футбол орталығының командалары жолықты. Бұл ойында да 1:0 есебімен жеңіске жеткен астаналық футболшылар топ жарды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал