28.02.2018, 12:49 821 Жадраев пен Кебіспаев Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық грек-римшілер Демеу Жадраев (72 кг) пен Алмат Кебіспаев (67 кг) Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Қос балуанымыз да жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Жадраев 8:0 есебімен қытайлық Юанг Джиангты тізе бүктірсе, ал Кебіспаев қарсыласы Маниш Маништы 10:1 қылып жеңді,

Демеу континенталды біріншіліктің ақтық кезеңіне алғаш рет шығып отыр.  

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал