31.03.2018, 6:00 866 Жадыра Әміртаева Тбилисидегі Гран-при кезеңінде бесінші орын алды

Қазақстандық спортшы Тбилисиде өтіп жатқан дзюдодан Гран-при кезеңінде бесінші орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Жадыра Әміртаева 52 келі салмақ дәрежесінде үздік бестікке енді. Үшінші орын үшін кездесуде отандасымыз словениялық Анже Стангардан жеңіліп қалды. Ал бұл салмақтың алтын жүлдесі финалда швейцариялық Евелин Тшоппты ұтқан франциялық Амандин Бушарға бұйырды.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал